Әлем • Бүгін, 10:33

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияның Hercules C-130 әскери ұшағы әуеге көтерілу кезінде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 100-ден астам адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты

фото: AFP

Колумбия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ аэродромнан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта құлаған. Ол елдің оңтүстігіндегі Пуэрто-Легисамо қаласынан Пуэрто-Асис бағытына ұшып шыққан.

Caracol Radio-ның әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында Пуэрто-Легисамо (Путумайо провинциясы) маңында болған апат салдарынан 66 адамның қаза тапқаны расталған. Қаза болғандардың ішінде 58 әскери қызметкер, Колумбия Әуе күштерінің 6 өкілі және Ұлттық полицияның 2 қызметкері бар.

Апаттың нақты себебі әлі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл белгілері табылмаған. Ұшақ ішінде өрт шығып, соның салдарынан кейбір оқ-дәрілер жарылғаны хабарланды.

Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар

 
Соңғы жаңалықтар