Әлем
1 мин оқу 50

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

<p>Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған табиғи апаттан кемінде бес адам қаза тапты. Елдің Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы су тасқыны, дауыл және көшкін жүргенін мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты

Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы 48 сағат ішінде қолайсыз ауа райы елдің бірнеше аймағына айтарлықтай қауіп төндірді. Табиғи апат салдары Кабул, Забуль, Кандагар, Саманган, Тахар, Нангархар, Лагман және Кунар провинцияларында сезілген. 

Адам шығынынан бөлек, табиғи апат елді мекендердің инфрақұрылымына үлкен нұқсан келтірді. Алдын ала есептелген материалдық шығындардың көлемі:

  • 30 тұрғын үй толық немесе жартылай қираған;
  • 60 шақырымнан астам ауылішілік жол бүлінген;
  • Шамамен 225 акр ауыл шаруашылығы жерін су басқан.

Қазіргі уақытта жергілікті билік орындары апаттың салдарын нақты бағалау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 77 адам қаза тапты

Ауғанстанда соңғы айларда ауа райының күрт бұзылуы жиілеп кетті. Ресми статистикалық деректерге сүйенсек, осы жылғы наурыз айының соңынан бері ел аумағында нөсер жаңбыр, аяқ астынан болған су тасқыны мен күшті дауыл салдарынан 314-тен астам адам қаза тапқан, сонымен бірге тағы 400-ге жуық тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған.

Бөлісу:
Ауғанстандағы көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan