Оқиға
1 мин оқу 60

Құтқарушылар Каспий теңізіне құлап кеткен әйелді аман алып қалды  

<p>Ақтауда құтқарушылар Каспий теңізіне катерден құлап кеткен әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құтқарушылар Каспий теңізіне құлап кеткен әйелді аман алып қалды   

Оқиға Каспий теңізі жағалауындағы «Соқпақ жол» аумағында болған. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық рейд кезінде суға құлаған әйелді байқап, дереу көмекке келген.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел катерге міну кезінде абайсызда суға құлап кеткен.

«ТЖМ шағын көлемді су көліктеріне міну және түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ су айдындары маңында ерекше сақ болуды ескертеді», делінген ведомство хабарламасында.

Өкінішке қарай, жаз келісімен шомылу аймақтарында оқыс оқиға жиілеген. Бір ай ішінде ТүркістанАқмолаҚарағандыҚостанай мен Қызылорда облыстарында бүлдіршіндер суға кеткен оқиғалар болды. Осыған сәйкес, ТЖМ қызметкерлері шомылу аумақтарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Құтқарушылар Каспий теңізіне құлап кеткен әйелді аман алып қалды   · Egemen Qazaqstan