Оқиға • Бүгін, 11:48

Түркістан облысында екі ағайынды бала суға батып кетті

1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Балаларды қорғау күні қарсаңында қайғылы оқиға болған. Келес ауданындағы Ошақты каналында ағалы-інілі екі бала суға кетіп, қаза тапты. Құтқарушылар 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты тәулікке жуық уақыт іздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында екі ағайынды бала суға батып кетті

Белгілі болғандай, балалардың мәйіті каналдың әртүрлі тұсынан табылған.

Жеті баланың анасы Айгүл Тамашева қауіпті каналдың жағасын қоршауды талап етті. Оқиға болған күні балалардың ата-анасы жұмысқа кеткен, ал бауырларына үлкен әпкесі қарап қалған.

Тұрғындардың сөзінше, Ошақты каналында мұндай қайғылы жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін де балалар суға кетіп, адам шығыны тіркелген. Ауыл тұрғындары каналдың қоршалмағанын және ескерту белгілерінің жоқтығын жиі айтып келеді.

Келес аудандық әкімдігі канал бойына қоршау орнату жұмыстары бұған дейін жоспарланғанын және қазір оның басталғанын хабарлады. Алайда бұл шаралар қос бірдей баласынан айырылған отбасы үшін кеш қолға алынған шешім болды.

Қайғылы оқиғадан көз жұмған Юсуфахмет екінші сыныпты, ал Диас алтыншы сыныпты аяқтаған еді. Екі ағайынды 1 маусым – Балаларды қорғау күні жер қойнына тапсырылды.

Айта кетейік, Ақмола облысында тыйым салынған аумаққа шомылуға барған он жастағы бала суға батып, көз жұмды.

Қарағандыдағы Федоров су қоймасында Үндістаннан келген екі студент суға батып кетті.

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім достарымен бәстесіп, суға батып, қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар