Инфрақұрылым
1 мин оқу 50

Елімізде 136 мыңнан астам жол белгісі тексерілді: негізгі кемшіліктер қандай?

<p>Қазақстанның республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол белгілерінің 97 пайызы белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізген ауқымды тексеру нәтижесінде белгілі болды. Мамандар республика бойынша автожол желісінде орнатылған 136 мыңнан астам жол белгісінің жай-күйін зерделеген. Тексеру қорытындысы бойынша олардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретіні анықталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде 136 мыңнан астам жол белгісі тексерілді: негізгі кемшіліктер қандай?

Сонымен қатар бақылау барысында шамамен 4,3 мың ескерту тіркелді. Негізінен бұл жол белгілерінің табиғи тозуы, зақымдануы және техникалық жағдайына қатысты мәселелер. Кейбір учаскелерде белгілерді орнату талаптарынан ауытқулар, олардың көрінуі мен оқылуын жақсарту қажеттілігі байқалған.

Сондай-ақ бірқатар жолдарда белгілер мен шақырымдық көрсеткіштердің жетіспеуі және түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыру қасиеттерін күшейту қажет екені анықталды.

Барлық анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті ақпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «ҚАЖсервис» мекемесіне жолданған.

Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды

Мамандардың айтуынша, мұндай тексерулер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Бөлісу: