Бибісара Асаубаеваға ІІ дәрежелі «Барыс» ордені табысталды
<p>Халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Награданы Мемлекет басшысының атынан Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аида Балаева Бибісара Асаубаеваның отандық шахмат спортының дамуына, зияткерлік ойындарды жастар арасында кеңінен насихаттауға және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
«ІІІ дәрежелі Барыс ордені бар еді, ІІ дәрежелісін алдым. Енді І дәрежелі орден қалды. Сонда толық кавалер атанамын», деп жазды шахматшы кейіннен өзінің Telegram-арнасында.
Айта кетейік, «Барыс» ордені мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени қызметке сіңірген ерекше еңбегі, сондай-ақ халықтар арасындағы ынтымақтастықты және мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
Бұған дейін, 2024 жылдың қазан айында Республика күні қарсаңында шахматшы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын.
Спортқа бөлінетін миллиардтар: Бюджет қаржысының тиімділігі туралы сарапшылар не дейді?
Ал 2025 жылы 30 желтоқсанда Президент Жарлығымен Бибісара Асаубаеваға ІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілді.
Еске сала кетейік, шахматшы жуырда Мемлекет басшысының атына үндеу жолдап, мемлекеттік наградаға әлі де қол жеткізбегенін айтқан еді. Сондай-ақ ол жалақысының 3 есеге қысқарып, жарыстардың шығынын өз қаражаты есебінен төлегенін айтып мәлімдеме жасады.
Министрлік марапаттау рәсімі спортшының тығыз жарыс кестесіне байланысты кейінге шегерілгенін, таяу арада табысталатынын мәлімдеген болатын.
