Маңғыстау облысында жарты жылда 57 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
<p>Биылғы жылдың алғашқы алты айында Маңғыстау облысында жалпы аумағы 3,6 мың гектарды құрайтын 57 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазақстан мен Өзбекстан заңсыз активтерді қайтару тетіктерін талқылады
Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, қадағалау қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша 13 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Мемлекет қазынасына 1,3 млрд теңге өндіріліп, құны 1,2 млрд теңгені құрайтын мүлік қайтарылды. Сондай-ақ 30,1 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Қазақстан инвесторлар құқығын қорғау міндетін орындайды - Президент
Мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 7,6 млрд теңгені құрайтын 10 заңсыз сатып алу рәсімінің күші жойылды. Қадағалау қызметі аясында мемлекет меншігіне жалпы аумағы 3,6 мың гектар болатын 57 жер телімі қайтарылды.
«Инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылды. Прокурорлық сүйемелдеу шараларының нәтижесінде жалпы құны 328 млрд теңгеден асатын 32 инвестициялық жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетілді. Сонымен қатар прокуратураның үйлестіруімен 1 млрд теңгеден астам алимент бойынша берешек өтелді», деп атап өтті қадағалау органы.
Өңірдегі криминогендік ахуал да оң динамика көрсетіп отыр. Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 6,9%-ға, ал қылмыстар саны 8,5%-ға азайған.
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында 700 есірткі жарнамасы жойылды, «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы 1719 интернет-сілтеме бұғатталды, сондай-ақ есірткі құралдарын жарнамалайтын 600 граффити өшірілді. «Антифрод» жүйесінде 487 оқиға анықталып, жалпы сомасы 5,1 млн теңгені құрайтын күмәнді қаржылық операциялар бұғатталды», деп мәлімдеді ведомство.
Жүргізілген кешенді профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде соңғы екі айда облыс аумағында кәмелетке толмағандар жасаған бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Атырауда құны 700 млн теңгеден асатын мүлік мемлекетке қайтарылды
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгені хабарланған болатын. Осыған байланысты мүлікті сату қағидаларына да өзгерістер енгізілді.
