Спорт
1 мин оқу 40
Холандтың соққан голы Норвегияны әлем чемпионатының 1/8 финалына шығарды
<p>Әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Кездесудің 39-шы минутында Антонио Нуса есеп ашып, Норвегияны алға шығарды. Кот-д'Ивуар құрамасы 74-ші минутта Амад Диалло голының арқасында таразы басын теңестірді. Алайда ойынның 86-шы минутында Эрлинг Холанд жеңіс голын соғып, командасын келесі кезеңге шығарды.
Енді Норвегия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилиямен кездеседі.
Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бақ сынайтын командалардың тізімі мен ойын уақытын осы жерден көруге болады.
Бөлісу:
