Пікір
1 мин оқу 30

Алдағы күнге деген сенім

<p style="text-align: left;">Отыз жылдан астам жұ&shy;мыс істеген қос палаталы Пар&shy;ламент өзінің миссия&shy;сын толықтай орындады. Еліміздің нығаюына, дамуы&shy;на, заманауи мемлекет болуына өлшеусіз үлес қосты. Соның ішінде сегізінші шақырылымдағы депутаттар да өздеріне жүк&shy;тел&shy;ген халық алдындағы мін&shy;деттерін толыққанды атқарды деп сеніммен айта аламын.</p>

Алдағы күнге деген сенім

Осы кезеңде жуырда ғана қа­былданған бес консти­ту­ция­лық заң, Бюджет, Салық, Құрылыс, Цифрлық кодекс­тер, Жасанды интеллект туралы заң секілді маңызды құжаттар өмірге келгенін айта кетуіміз керек. Әрбір заңның еліміз үшін орны ерекше. Өйткені әрқайсының көтерген жүгі ел азаматтарының мүдде­ле­ріне тікелей қатысты.

Соның ішінде біз, «Қа­зақ­стан халық партия­сы­ның» фракциясы 7 заң жобасын әзірледік. Екеуіне Мемлекет басшысы қол қойып, қабыл­данды. Бесеуі қабылданып үлгермеді. Мен алдағы уақытта Құ­рылтай қатарынан біздің пар­тияның өкілдері де орын алады деп үміттенемін. Сол кезде аяқталмаған жұмысы­мыз­ды соңына дейін жеткізуге атсалысамыз.

Мен әр­дайым болашаққа сеніммен қарайтын адаммын. Бүгінгі өзгерістер елімізді жаңа заман талаптарына сәйкес жаң­ғыр­тудың бір кезеңі ғана. Бүгін жасай алмаған ісімізді алдағы уақытта жетер жеріне толыққанды жеткізіп, қоғам игілігіне ұсынуға әбден болады.

Магеррам МАГЕРРАМОВ,

қоғам қайраткері

Бөлісу:
Алдағы күнге деген сенім · Egemen Qazaqstan