Президент
1 мин оқу 30

Президент Канада Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

<p>Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні &ndash; ұлттық мейрамына орай елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Канада Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Сондай ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс тілеп, достас Канада халқына тілектестігін білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Руанда президенті Поль Кагаме мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Бөлісу:
Президент Канада Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады · Egemen Qazaqstan