Президент
2 мин оқу 40

Мемлекет басшысы VEON компаниялар тобының бас атқарушы директорын қабылдады

<p>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысы VEON компаниялар тобының бас атқарушы директорын қабылдады

Кездесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу мақсаттарына сай телекоммуникация нарығын дамыту перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан VEON компаниясының отандық телекоммуникацияны және цифрлық экожүйені өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің елдегі цифрлық трансформацияның жаңа кезеңінде экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күшіне айналғанына тоқталып, компанияны заманауи есептеу инфрақұрылымын дамытуға, деректерді өңдеу орталықтарын салуға және бұлтты сервистерді кеңейтуге белсенді атсалысуға шақырды.

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

Мухтерем Каан Терзиоглу компанияның озық телекоммуникация технологияларын енгізу және халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру жоспарын таныстырды.

Оның айтуынша, VEON алдағы үш жыл ішінде Қазақстандағы бизнес көлемін екі есеге ұлғайтып, ел экономикасына қосымша 1 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ компания «Цифрлық Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек, Beeline Kazakhstan Астана қаласында деректерді өңдеу орталығын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы компанияның бастамаларын қолдап, Қазақстан инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Сондай-ақ бүгін Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы VEON компаниялар тобының бас атқарушы директорын қабылдады · Egemen Qazaqstan