Футбол
1 мин оқу 40

Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді

<p><strong>Футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар жарыстың аталған сатысында Испаниямен шеберлік байқасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді

Хорватиялық футболшылар алғашқы болып есеп ашты, Иван Перишич ойынның 53-минутында көзге түсіп, гол соқты. Матчтың 60-минутында Криштиану Роналду пенальтиден таразы басын теңестірсе, португалиялық тағы бір ойыншы Гонсалу Рамуш 94-минутта соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді.

Осылайша Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Роналду - Модрич: Аңыздар текетіресі

Қарсыластар қазірге дейін 10 мәрте жасыл алаң төрінде шеберлік байқасты. Әзірге хорватиялық футболшылар бірде-бір мәрте Португалияны жеңе алмай келеді. 8 кездесуде олар қарсыласына есе жіберсе, 2-уінде тең нәтиже тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық құрамалар белгілі болған еді.

Айта кетейік, Мексика құрамасы Эквадорды 2:0 есебімен жеңіп, 1986 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчта жеңіске жетті. Осылайша команда турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Парагвай Германияны пенальти сериясында жеңіп кетті. Бразилия мен Жапония құрамасы арасындағы ойында 2:1 есебімен Бразилия командасы жеңіске жетті.


Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді · Egemen Qazaqstan