Әлем чемпионаты: Криштиану Роналду рекорд жаңартты
<p><strong>Криштиану Роналду рекорд жаңартып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бұл рекорд Португалия – Хорватия арасындағы 1/16 финал матчында жаңарды. Сондай-ақ ол мундиальдағы жалпы голдарының санын 11-ге жеткізді.
Бұған дейінгі рекорд Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы Питер Шилтонға тиесілі болған. Ол 1990 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын үшін Италияға қарсы 40 жас 292 күнінде ойнаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында африкалықтар рекорд жаңартқанын жазған едік.
Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Айта кетейік, жаһандық доп додасының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария мен Алжир құрамалары кездесті. Нәтижесінде швейцариялықтар Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, 1/8 финалына жолдама алды.