Астана халықаралық әуежайы автотұрақ тарифтерін жаңартады
<p><strong>Астана халықаралық әуежайы жолаушылар мен қонақтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында автотұрақ инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Атқарылып жатқан шаралар терминал алдындағы көлік қозғалысын оңтайландыруға және келушілерге тиімді таңдау мүмкіндігін ұсынуға бағытталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Инфрақұрылымдағы жаңалықтар және ұзақ мерзімді тұрақ
Әуежай аумағында өзгерістер күтіліп отыр:
-
Ұзақ мерзімді жаңа автотұрақтар: Көлікті ұзақ уақытқа қалдырғысы келетіндер үшін қосымша аймақтар дайындалып жатыр. Мұнда баға өте тиімді – сағатына 100 теңге.
-
Тегін автотұрақ: Келушілерге арналған 100 автокөлікке есептелген тегін автотұрақ бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыра береді.
Қысқа мерзімді тұрақ тарифтерінің өзгеруі
2026 жылғы 1 тамыздан бастап қысқа мерзімді автотұрақ тарифтері өзгереді. Айта кету керек, сағатына 200 теңге көлеміндегі ескі тариф 2023 жылдан бері өзгеріссіз сақталып келді. Осы уақыт ішінде пайдалану және автотұрақтарды күтіп-ұстау, жаңғырту шығындары айтарлықтай өскен.
Президент: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет
Әлеуметтік жеңілдіктер сақталады
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін автотұрақ қызметін тегін пайдалану құқығы толық сақталады. Төлемнен босатылатындар:
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері;
Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысушы мәртебесі бар азаматтар.
Еске салайық, бұған дейін Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталатынын мәлімдеген еді. Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздің авиациялық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
