Фото: istockphoto.com
Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздің авиациялық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
«Алдағы үш жыл ішінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Астана әуежайын жаңғырту – бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жаңа әуежайдың құрылысына қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылыс келесі жылы басталады», деді Нұрлан Сауранбаев.
Сондай-ақ министр еліміздегі авиациялық хабтарды дамыту жұмыстары алты ірі әуежайда шоғырланатынын айтты. Олар Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы әуежайлар болмақ.
Президент: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының әкімдігі жаңа әуежай жобасы әзірге бастапқы талқылау кезеңінде екенін хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта оның нақты қай жерде салынатыны және техникалық параметрлері бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған.