Футбол
1 мин оқу 40

Франция мен Марокко әлем чемпионатының ширек финалына шықты

<p>Әлем чемпионатының ширек финалында бақ сынайтын алғашқы жұп анықталды. 1/8 финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша Франция мен Марокко құрамалары келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Франция мен Марокко әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды екінші таймда пенальтиден Килиан Мбаппе соқты.

Ал Марокко құрамасы Канаданы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалға шықты.

Осылайша, ширек финалда Франция мен Марокко өзара кездеседі. Матч 10 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де өтеді.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары жалғасуда. 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні Бразилия Норвегиямен, ал Мексика Англиямен кездеседі.

Бөлісу: