Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап ыстық болады
<p><strong>«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 7-9 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерінде жел күшейеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Жаңбыр мен найзағай болжанатын өңірлер:
- 7-9 шілде – еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында;
- 7-8 шілде – солтүстігінде;
- 7 шілде – орталық және шығыс өңірлерде;
- 8 шілде – батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында.
Францияда аптап ыстықтан бір аптада 2 мыңнан астам адам көз жұмды
Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі.
Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Синоптиктер алдағы күндері қатты ыстық болатынын ескертті. Елдің солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір өңірлерде аптап ыстық +41 градусқа жетуі мүмкін. Солтүстік аймақтарда +35...+38 градус болады. Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Бұған дейін Қытайда аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілі ойлап табылғаны туралы хабарлаған едік.
