Әлем • Бүгін, 11:29

Қытай аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілін ойлап тапты

1 мин
оқу үшін

Қытайда аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілі ойлап табылды. Қазір мұнда зәулім ғимараттардың төбесінен жасанды «жаңбыр» жауып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Елдің кейбір қалаларында биік ғимараттардың шатырларына су тұманын үздіксіз шашатын арнайы жүйелер орнатылған. Соның арқасында көшелердегі ауа температурасы 3-6 градусқа дейін төмендеген.

Жасанды жаңбыр климатқа әсер ете ме? «Қазгидромет» жауап берді

Бұдан бөлек, су тұманы ауадағы шаң мен түтінді басып, лас ауаның жерге шөгуіне ықпал еткен.

Германиядағы аптап ыстық: Соңғы үш күнде 20-дан астам адам суға кетті

Ең қызығы, көшедегі адамдар су болмайды. Себебі су өте ұсақ тамшылар түрінде шашырап, жерге жетпей-ақ ауада буланып кетеді.

Испанияда аптап ыстықтан 1 028 адам көз жұмды

Еске сала кетейік, былтыр жаз айларында Испанияда аптап ыстықтан 1 060 адам көз жұмған болатын. Сондай-ақ биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан жаз басталғалы 1 300-ден астам адам көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар