Оқиға • Бүгін, 12:09

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзғаны үшін 263 басшы жауапкершілікке тартылды

1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында ішкі істер органдары терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерді. Оның ішінде 2 458-і жоспарлы, 207-сі жоспардан тыс тәртіппен жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзғаны үшін 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Фото: Polisia.kz

Тексерілген нысандардың 72%-ында терроризмге қарсы қорғалу деңгейі белгіленген талаптарға сәйкес болған.

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді 

736 объектіде заңбұзушылықтар анықталып, олардың басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.

«Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін 263 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 118 миллион теңгеден асты», делінген хабарламада.

3,2 мыңнан астам басшы мен меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар 48 нұсқаулыққа ревизия жүргізіліп, объектілерді күзету талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған еді.

 

Соңғы жаңалықтар