Экономика • Бүгін, 11:35

Қырғызстан билігі жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан көмек сұрады

1 мин
оқу үшін

Қырғызстан билігі жанармай тапшылығының алдын алу мақсатында Қазақстан мен тағы бес елге мұнай өнімдерін жеткізу жөнінде ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан билігі жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан көмек сұрады

Фото: istockphoto.com

Қырғызстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, ел мұнай өнімдерінің шамамен 90-95 пайызын Ресейден импорттайды. Алайда Ресей аумағында бензин тапшылығының туындауына байланысты Бішкек балама жеткізу бағыттарын қарастыра бастаған.

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстан үкіметтерімен жанармай сатып алу көздерін кеңейту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

Сонымен қатар Қырғызстан үкіметі Шу облысындағы мұнай өңдеу зауытына бензин өндірісін ұлғайтуды тапсырды. Қабылданған шараларға қарамастан, елдегі бірқатар жанармай құю бекеттерінде АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің тапшылығы байқалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор қаласындағы газ өңдеу зауытына украиналық дрондар шабуыл жасаған болатын. Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығын айтып, жағдай бақылауда екендігін мәлімдеген еді.

Кейінірек БАҚ беттерінде Ресей Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Энергетика министрлігі Ресей тарапынан ресми өтініш түспегенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар