Әлем
1 мин оқу 30

Угандада автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам қаза тапты

<p data-start="0" data-end="187"><strong>Жол апатынан тағы 28 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға Уганданың солтүстігіндегі Кампала&ndash;Гулу тас жолында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Угандада автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам қаза тапты

Алдын ала тергеу мәліметінше, Isuzu маркалы жолаушылар автобусын басқарған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні айналып өтпек болған кезде көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Actros жүк көлігімен соқтығысқан.

Польшада екі пойыз соқтығысып, 10-нан астам адам жарақат алды

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында 14 адам көз жұмды. Тағы 28 адам ауыр жарақат алып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Угандада жол-көлік оқиғалары қоғамдық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Полиция өлімге әкелетін апаттардың көпшілігін жылдамдықты асыру, қауіпті басып озу және жүргізушілердің салғырттығымен байланыстырады.

Бөлісу: