Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 811-ге жетті
<p>Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 811 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алып, 17 907 тұрғын баспанасыз қалған. Сондай-ақ 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысанға айтарлықтай зақым келтірілген.
Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты
Құтқару жұмыстары барысында 6 462 адам аман-есен эвакуацияланып, 27 398 адам медициналық мекемелерде ем алды. Зардап шеккен 86 794 отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіліп, жалпы көлемі 9 603 тонна азық-түлік жеткізілген.
Президент жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты
Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 782 дүмпу тіркелген. Елде қайғылы оқиғаға байланысты жеті күндік аза тұту жарияланды.
