Оқиға
2 мин оқу 170

Атыраудағы бір отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

<p data-start="120" data-end="196"><strong>Атырау облысының прокуратурасы отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша қылмыс туралы хабарламады деп күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға&nbsp;қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты. Кісі қолынан қаза тапқан отбасының қызы сотталмайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атыраудағы бір отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев сот алдында жауап беріп жатыр.

«Тергеу нәтижесі бойынша Мұқанғалиеваның әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды», деді облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлеймен.

Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айыптар тағылды

Сәрсемәлиев Ақбаянды Индонезиядан алып келгеннен кейін, әйел Атырау мен Алматы қалаларында сот-психиатриялық сараптамадан өткен.

Бұған дейін мамандар оның психикалық жағдайына нақты баға бере алмағаны, сондықтан қайта тексеруге жіберілгенін хабарланған болатын. Қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева Атырауда ем қабылдап жатыр. Сұлтан мен Ақбаянның кәмелетке толмаған 5 баласы бар. Сонымен қатар әйел кенже баласының дүниеге келгенін есіне түсіре алмады.

Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Жангелдин ауылында болған. Сол кезде отбасының төрт мүшесі – ата-анасы, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Айта кетейік, мамыр айында осы оқиғаға қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысында күдікті қандай жаза түрі болса да арқалауға дайын екендігін жеткізді.

Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыстан кейін Түркия арқылы Меккеге барып, Құдайдан кешірім сұрамақ болғанын мәлімдеді.

Бөлісу: