Спорт
1 мин оқу 240

Франция құрамасы Марокконы жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

<p>Франция құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Франция құрамасы Марокконы жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Франция құрамасы сапында Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле мергендік танытты. Айта кетейік, матчтың алғашқы таймында Мбаппе пенальтиден гол соға алмады. Ал кездесудің 77-минутында жарақатына байланысты алаңдағы орынын басқа ойыншыға ауыстыруды сұрады.

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания – Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен еді.

Бөлісу: