Бизнес
2 мин оқу 80

Отандық бизнес халықаралық өндірушілермен тікелей байланыс орнатады

<p>2026 жылғы 6&ndash;8 тамыз аралығында Алматыдағы Atakent-Expo көрме орталығында халықаралық HomeTech &amp; Electra 2026 іскерлік көрмесі өтеді. World Silk Way компаниясы ұйымдастырып отырған жоба электроника, тұрмыстық техника, смарт құрылғылар, жарықтандыру және электротехника саласындағы шетелдік өндірушілер мен жеткізушілерді бір алаңға жинап, қазақстандық кәсіпкерлерге тікелей серіктестік орнатуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Отандық бизнес халықаралық өндірушілермен тікелей байланыс орнатады

Көрменің негізгі мақсаты – өндірушілер, жеткізушілер, дистрибьюторлар, сауда желілері, маркетплейстер мен кәсіпкерлер арасында тікелей келіссөздер жүргізуге жағдай жасап, жаңа іскерлік байланыстарды дамыту. Сонымен қатар жоба Алматының Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды сауда және логистика орталығы ретіндегі рөлін күшейтуді көздейді.

Көрме аясындағы басты жаңалықтардың бірі – жыл бойы жұмыс істейтін B2B Way Club іскерлік клубы. Өндірушілерге, жеткізушілерге, байерлерге, дистрибьюторларға және кәсіпкерлерге арналған бұл тегін платформа қазірдің өзінде Қытай Халық Республикасының 200-ге жуық ірі өндірістік компаниясын біріктіріп отыр. Ұйымдастырушылар келесі жылы олардың санын 1000-нан асыруды жоспарлап отыр.

бизнес

Жоба қазақстандық кәсіпкерлерге делдалдарсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде компаниялар баға, тапсырыс көлемі, жеткізу мерзімі, логистика және сервистік қызмет көрсету мәселелерін өндірушілермен тікелей талқылай алады. Ал көрме басталғанға дейін ұйымдастырылатын онлайн кездесулер әлеуетті серіктестермен алдын ала танысып, келіссөздерді жоспарлауға жол ашады.

Ресейде ТЖАР жүйесі енгізілмек: Отандық бизнес нені білуі керек?

HomeTech & Electra 2026 көрмесіне дайындық барысында биыл мамыр-маусым айларында Қытайдың Нинбо, Фошань қалалары мен Гуандун провинциясынан келген 60-тан астам өндірушінің қатысуымен онлайн B2B кездесулер өткізілді. Сондай-ақ маусым айында Ақтау, Астана, Түркістан және Тараз қалаларында HomeTech & Electra 2026 көрмесі мен B2B Way Club жобасының таныстырылымдары өтті. Іс-шаралар Кәсіпкерлерді қолдау республикалық орталығы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Төрт жылда шағын және орта бизнестің саны 2,2 миллионға дейін өсті

World Silk Way ЖШС директоры, HomeTech & Electra 2026 жобасының жетекшісі Азат Әсембайдың айтуынша, бұл жоба – жай ғана көрме емес, қазақстандық бизнестің халықаралық өндірушілермен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін іскерлік алаң.

– Бұған дейінгі жылдардағы тәжірибе бұл форматтың тиімділігін дәлелдеді. Біздің алаңдарымызда әлемнің 10 елінен 250-ден астам жетекші компания бас қосып, нәтижесінде Wildberries, Технодом және Halyk Market секілді ірі нарық ойыншыларымен жүздеген келісім жасалды. Жаңа маусымда қатысушылар саны екі есеге жуық артты. Бұл отандық кәсіпкерлер үшін жеткізушілерді бір жерде салыстырып, сатып алу шығындарын азайтып, жаңа тауарлық трендтерді алғашқылардың бірі болып енгізуге мүмкіндік береді, – деді Азат Әсембай.

Оның сөзінше, Алматыда өтетін көрме мен B2B Way Club платформасы компаниялар мен маркетплейстердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, Қазақстанды өңірлік іскерлік ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналдыруға ықпал етеді.

Бөлісу: