Экономика • Бүгін, 12:12

Төрт жылда шағын және орта бизнестің саны 2,2 миллионға дейін өсті

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Төрт жылда шағын және орта бизнестің саны 2,2 миллионға дейін өсті
«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 миллионнан 2,2 миллионға дейін өсті, ал секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті. Экономикадағы ШОБ үлесі ІЖӨ-нің 40,9%-на дейін өсті, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал жұмысқа орналасқан азаматтар саны 912,8 мың адамға дейін өсті», деді Азамат Әмрин.
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады

Еске сала кетейік, Қазақстан экономикасында шағын және орта бизнестің (ШОБ) салмағы артып отыр. Mastercard пен KPMG жүргізген зерттеуге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ үлесі ІЖӨ-нің шамамен 40%-ына жеткен, ал секторда 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 50%-дан астамы.

Соңғы жаңалықтар