Астанада 30-дан астам автобус бағыты өзгерді
<p>Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 30-дан астам қоғамдық көлік бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, уақытша өзгерістер №10, 12, 15, 15A, 18, 19, 21, 29, 29A, 30, 32, 35, 40, 46, 47, 50, 51, 54, 55A, 55Б, 56, 60, 61, 70, 78, 121, 303, 323, 504, 506, 507 және 508 бағыттарына енгізілген.
Жаңартылған маршруттар туралы толық ақпаратты CTS-тің ресми ақпараттық арналары арқылы білуге болады.
Тасымалдаушы компания тұрғындарға жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған автобустар бұрынғы қозғалыс кестесі мен бағытына қайта оралады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада бірқатар көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын.
