Месси әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты
<p>Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы нәтижелі пастар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мундиальдің ширек финалындағы Швейцария құрамасына қарсы кездесуде аргентиналық шабуылшы 10-шы голдық пасын берді. Осылайша Месси әлем чемпионаттары тарихында бұл көрсеткішке жеткен алғашқы футболшы болды.
Қазіргі таңда Лионель Месси турнирдің ең үздік сұрмергені атанып отыр. Алты әлем чемпионатына қатысқан аргентиналықтың қоржынында 21 гол бар.
Мессиді турнирде қалдырғысы келеді: Мысыр бапкері ФИФА-ны айыптады
Еске сала кетейік, Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финалдық ойын АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед» стадионында өтті. Кездесудің негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Аргентина сапынан Алексис Мак Аллистер, ал Швейцария құрамасынан Ндой гол соқты. 72-минутта швейцариялық футболшы Эмболо екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Сан басымдығын пайдаланған аргентиналықтар қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті. 112-минутта Хулиан Альварес Аргентина құрамасын алға шығарса, матчтың соңғы минутында Лаутаро Мартинес тағы бір гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.
Жартылай финалда аргентиналықтар Норвегияны 2:1 есебімен жеңген Англия құрамасымен кездеседі.
