Қысқы спорт
1 мин оқу 20

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

<p><strong>Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде ел намысын&nbsp;Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қорғайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

Кеше Прага мұз айдынына қысқа бағдарлама бойынша Софья Самоделкина шықты. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 66.95 ұпай жинады. Нәтижесінде аралық есепте 12-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Каори Сакамото – 79.31 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба ие болды – 78.45 ұпай. Ал үшінші орынды америкалық Эмбер Гленн иеленді – 72.65 ұпай.

Әйелдер арасындағы жекелей сында еркін бағдарлама 27 наурыз күні 22:00-де басталады. 

Бүгін ерлер арасындағы бәсекеде Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Қысқа бағдарлама Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады. 

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы мен сайты тікелей эфирде көрсетеді. 

Бөлісу: