фото: Сали Сабиров, ҰОК
Төртжылдықтың басты додасында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан ел намысын Софья Самоделкина қорғады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша ол 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада төрешілер Қазақстан спортшысына 138,99 ұпай берді. Жалпы есепте 207,46 ұпай жинаған Самоделкина жеке рекордын жаңартып, жарысты 10-орынмен аяқтады.
Алтын медальді америкалық Алиса Лью (226,79) жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоға (224,90) бұйырды. Қола медальді тағы бір жапониялық спортшы Ами Накаи (219,16) иеленді.
Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сырғанауда қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.