фото:pixabay.com
Резерваттың мәліметінше, өрт ошақтары анықталған бойда мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері дереу сөндіру жұмыстарына кіріскен. Жедел әрекеттің нәтижесінде барлық төрт өрт қысқа уақыт ішінде толықтай ауыздықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған.
Қазіргі таңда резерват аумағында найзағайлы ауа райы сақталып тұрғандықтан, жаңа орман өрттерінің шығу қаупі жоғары болып отыр.
Осыған байланысты «Семей орманы» резерваты тұрғындар мен табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Еске салайық, 26 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді.