Қазақстанда бір күнде 5 орман өрті тіркелді
<p><strong>Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 маусымда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді. Тілсіз жау дер кезінде анықталып, толықтай ауыздықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Төтенше жағдай еліміздің бірнеше аймағында тіркелді:
- Ақмола облысы – 1 өрт;
- Алматы облысы –1 өрт;
- «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 2 өрт;
- «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 1 өрт.
Мамандардың анықтауынша, орман алқаптарындағы өрттердің басым көпшілігінің шығуын табиғи құбылыс – найзағайдан тұтанған.
Өртті ерте анықтау жүйесінің тиімділігі арқасында жалын ошақтары дер кезінде байқалып, жедел оқшауланды. Орман күзеті қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандарының үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде тілсіз жаудың кең аумаққа таралуына жол берілмей, барлық өрт қысқа мерзімде толық сөндірілген.
Министрлік өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтарды орман шаруашылығындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға және табиғат байлығына ұқыпты қарауға шақырады.
Еске сала кетейік, 16 маусымда «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында бір тәуліктің ішінде бірден 14 орман өрті тіркелді.
