Білім
1 мин оқу 191

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашанға дейін жалғасады?

<p class="PDq2pG_selectionAnchorContainer" data-start="0" data-end="104"><strong>Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ата-аналар өтінішті Ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы арқылы немесе мектепке тікелей барып тапсыра алады, <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашанға дейін жалғасады?

Ол үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

Өңірлерде құжат қабылдау әртүрлі мерзімде басталғанымен, барлық облыста өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады.

ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімі төмендегідей бөлінген:

27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.

18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.

29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Бөлісу: