Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20772 материал табылды

Әлем • 08 Қыркүйек, 2022

Түркияның оңтүстігінде орман өрті өршіді

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Түркияның оңтүстігіндегі Мерсин провинциясының Гурнар ауданында орман өрті шығып, тұрғындар эвакуациялануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Дімкәс сәбидің дүниетанымын кеңейтеді

Биылғы Балалар жылында балаларға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе аутизм ауруына шалдыққан балалар және олардың отбасы мен түзелту орталығының өзара қарым-қатынасы да қоғамда кейінгі кездері нығая түскен. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Алтын Ұя Еркеле» орталығы сөзімізге дәлел бола алады.

Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022

Ақпарат қауіпсіздігі алаңдатады

Қазақстандық делегация Мәскеуде өткен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі әскери-ғылыми конференцияға қатысты. «Әскери салада ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы бұл жиын ҰҚШҰ Біріккен штабында өтті.

Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2022

Көркем жырдың кеңістігі

Әдебиет дейтін әдібі мен әдебін жүрек төріне ұясын қатар салар жұмбақ әлемге әр қаламгер өз мәнері мен стилін айқындар өз жолымен келеді. Басы түнгі жұлдыздармен сырласып, мына алып ғаламның айдынына із салған бозбала күнгі ой мен сезімнің алғашқы сүрлеу-соқпағы келе-келе шығармашылық үлкен жолға жалғасады. Үлкен жол кеңістікке жетелейді.

Ахмет Байтұрсынұлы • 07 Қыркүйек, 2022

Тарихын танымағанның болашағы бұлыңғыр

Рас, бұл – аксиома. Ал оны таныту, ұлтқа ұран, ұрпаққа мұра етіп қалдыру – парасатты ердің пайымы. Бұл тұрғыда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алға қарай қарышты қадам басты. Биылдың өзінде өткенімізді өрнектеу жолында ­жоспарлы жұмыстар қолға алынды. Айталық, «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы аясында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылды.

Руханият • 07 Қыркүйек, 2022

Қандықтан шыққан қаламгер

Осы күзде саналы ғұмырын қазақ әдебиетіне арнаған жерлесіміз, ақын, бірнеше жыр, зерттеу, аудармалардың авторы, ғалым Сағынғали Сейітовтің туғанына 105 жыл толмақ. Қарғадай кезінен-ақ қолына қалам ұстап, ақын бала атанған ол кейін Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Майдангер қаламы мұнда да өлең, мақалалар жазып, қаруластарының ерлігін паш етті. Ол сол кезде облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде де жиі жарияланды.

Спорт • 07 Қыркүйек, 2022

Спорт қоғамымызды ұйыстырады

Биылғы жылдың 16 маусымында жаңадан құрылған Ұлытау об­лысында өткен Ұлттық құ­рыл­тай мен Мемлекет бас­шы­сы­ның таяуда ғана жария еткен Жол­дауының арасында жарасымды жалғастық бар. Мұраттар та­бысқан, мүдделер түйіскен.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022

Күрделі жөндеу неге кеш басталды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деді.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Жаңаарқада – жаңа мешіт

Жазиралы Жаңаарқа жерінде тағы бір мешіт бой көтерді. Кентке кіре­берісте орын тепкен жаңа мешіт жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Сапарда жүрсеңіз, тоқтап, құлшылығыңызды жасап аласыз. Тура жолдың бойында.

Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022

Кемел ойлы, кең жүректі алып адам

Биыл туғанына 110 жыл толып отырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ұзақ уақыт бойы Қазақстанды байыпты басқарған, дархан даламызда бой көтерген көптеген қала мен небір сәулеті, сәні келіскен, көз тартып, көңіл сүйсіндіретін әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық нысандардың авторы деген атты алған, татулықты ту еткен көпэтносты халқыменен мақталған заманымыздың заңғар биік тұлғасы екендігі анық.