• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2016

Колумбияда 8 тонна есірткі тәркіленді

412 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 мамыр. Колумбияның Панама мемлекетімен шекаралас аймағынан полиция қызметкерлері 8 тонна кокаин есірткісін тәркіледі. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантостың айтуынша, бұл жолы заңсыз тасымалданған есірткі осыған дейін тәркіленгендердің ішіндегі ең ірі партиясы. Ал тәртіп сақшыларының анықтауынша, оның жалпы бағасы шамамен 240 миллион АҚШ долларын құрайды. Полиция қызметкерлері кокаинді Турбо муниципалитетіндегі құпия қоймадан тапты. Заңсыз сақтағаны үшін 3 адам қамауға алынды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.