• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2016

Алапат өрттен 120 баспана отқа оранды

267 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 мамыр. Бразилияның оңтүстік-батысындағы Сан-Паулу қаласында алапат өрттен 120 баспана отқа оранды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға жағдайы төмен тұрғындар орналасқан аудандардың бірінде болды. Globo телеарнасының хабарлауынша, қызыл жалын жалпы аумағы 1000 шаршы метрді шарпыған. Қазір өрт сөндірілді, құтқарушылар қирандыларды жинауда. Ал тәртіп сақшылары бұл іске қатысты күдіктіні қолға түсірді. Алапат өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қызыл жалынды сөндіру үшін 22 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: inform.kz