• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
16 Мамыр, 2016

Ыстанбұлда тағы да жарылыс болды

244 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 мамыр. Түркияның Ыстамбұл қаласында тағы да жарылыс болды. Салдарынан 4 адам жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Малтепе ауданында болды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат жолда қалдырылған сөмкеде болған. Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Лаңкестік әрекетті қай топтың жасағаны белгісіз. Әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетейік, соңғы кездері Ыстамбұл қаласында терактілер жиілеп кетті. Мұндай жағдай 12 мамыр күні орын алған. Жарылғыш зат орнатылған көлік жарылып, 8 адам зардап шекті. Мәліметтер бойынша, олардың бесеуі әскери адамдар. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».