• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Қызғылт түсті гауһартас 31,5 млн. долларға сатылды

344 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. Швейцарияның Женева қаласындағы Sothebys аукцион үйінде әлемдегі ең ірі қызғылт түсті гауһартас 31,5 миллион долларға сатылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бағалы тасты кімнің сатып алғаны әзірге белгісіз. Гауһартасты алғашында 28-38 миллион доллардың аралығында сатылуы мүмкін деген болжам жасаған. Ал мәліметтер бойынша қызғылт тас Оңтүстік Африкадағы кен орнынан табылған. «Бұл әлемдік жаңа рекорд болып саналады. Қызғылт гауһар үшін ірі көлемді ақшаны ешкім ұсынбаған. Сатып алушының қолына өте сирек кездесетін тастардың бірі тиді», – дейді аукцион үйінің төрағасы Дэвид Беннет. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: 24.kz.