• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты

275 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 мамыр. Пәкістанның солтүстігінде ірі жол апатынан 10 адам қаза тауып, 18 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Насирабад қаласына таяу жердегі Джанг округында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Жол апаты неден болғаны әзірге белгісіз. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Мәліметтер бойынша, Пәкістанда жылына орташа есеппен санағанда 9 мың жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 мыңға жуық адам опат болады. Апаттың себептері негізінен жүргізушілердің жол ережесін дұрыс сақтамағандықтан тіркеледі. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».