• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Жетісу жерінде браконьерлер 2 тонна балықпен қолға түсті

282 рет
көрсетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 мамыр. Алматы облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Алматы - Қапшағай автомобиль жолында орналасқан бекетте сыртқа заңсыз әкетіліп бара жатқан балықтарды тоқтатты. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметінің сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәлім болғандай, көліктердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 301 кило тартатын заңсыз тасымалданып бара жатқан сазан балығы табылған. Ал ертеңіне тап осы жерде осындай ұрлық жолымен балық тасымалдаудың тағы екі фактісі тіркелген. Олардан жалпы салмағы 1 522 кило келетін балықтар тәркіленіп алынады. Тасымалдап бара жатқандардың бұл жолы да балық аулауға рұқсат қағазы мен оларды алып өтуге берілген ілеспе құжаты жоқ. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, ведомство қызметкерлері балық аулауға тыйым салынған мезгілде заңсыз аулау, сатып алу, сату және тасымалдау тәртіптерінің орындалуын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізіп тұруды жақсы үрдіске айналдырған. Нұрбол Әлдібаев. Дерек: Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.