ТАЛДЫҚОРҒАН. 22 мамыр. Алматы облысының құқық қорғау органдары әрбір бесінші алаяқтықтың көшелерде, дүкендерде, базарлар мен тұрғындардың үйлерінде жасалатынын айтып отыр. Бұл туралы 7sunews.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыста жыл басынан бері әлдекімдердің айтқандарына сеніп, алаяқтық әрекеттеріне түсіп қалушылықтың 160 фактісі тіркелген. Олар пысықай жандарға өз ақшаларын әлдеқалай бір тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға немесе қызмет көрсету үшін аңғалдықпен беріп қойған.
«Ең ауыр кең таралған алаяқтық несие-қаржы жүйесінде орын алып отыр, алаяқтар мұндай несиелерді бөгде адамның атына рәсімдейді. Үстіміздегі жылы облыс аумағында осындай тап осындай 35 факт тіркелді», - деп атап өтті полициядағылар.
Тағы 42 факт жер учаскелерін өткізу саласында орын алған. Көрсетілген мысалдарда әккі алаяқтар өздерін көбіне мемлекеттік құрылымдардың, әкімдіктер және жер комитетінің қызметкерлері етіп таныстыратыны байқалған.
Осыған байланысты құқық қорғаушылар бірқатар проблемалық мәселелерді ортаға салды. Соның бірі - мұндай қылмыстардың құрбандары қылмыскерлерді өздері іздеуге күш салады. Ал осындай өзіндік әрекет көп реттерде қылмысты «шұғыл іздері бойынша» ашу мүмкіндігін күрт төмендетіп жібереді.
Анықталғанындай, Қазақстанда Ішкі істер министрлігі үш жылдық мерзімге жасаған. Сондай-ақ 2015 жылы күшіне енген мүліктік қылмыс түрлеріне қарсы тұру бойынша ведомстволық бағдарлама бар.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек: 7sunews.kz.
Суретте: «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» фильмінен кадр.