• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Шымкент фармацевтика зауыты

2054 рет
көрсетілді

өнімдері Еуроодақ стандартымен шығарылады Польша кәсіпкерлерімен бірлес­кен «Химфарм» зауыты бүгінде Қазақ­станның фармацевтика саласындағы көшбасшысына айналған. Дәрі-дәрмектің 200-ден аса түрін шығаруға маман­данған, еліміздегі тегін медици­налық көмек көрсетуге қажетті дәрі­лердің үштен бірін шығарып отырған кәсіпорын жақында антибиотик ұнтақтарын асептикалық жолмен бөліп шығару цехын іске қосты. Жаңа жоба «SANTO» компания­сының жаңа жетістігі ғана емес, әлемдік нарықтағы Қазақстан үлесінің алған қомақты орнын да көрсетеді. Конвейерден алғашқы болып шыққан цефалоспорин антибиотигінің өзінен 14 түрлі дәрі жасалады екен. Негізінде, бұл антибиотиктер бұрын да шығарылып келген. Бірақ GMP стандартының талабы бойынша бөлек желі болуы керек. Зауыт тамыз айында тағы бір желіні іске қоспақшы. Сонда жылына 40 млн. құты антибиотик шығарылады. «Химфарм» АҚ бас директоры Ижи Урбанец жаңа өндірістің фар­мацевтикалық саладағы инновациялық дамудың жақсы көрсеткіші екендігін айтады. Бүгінде еліміз бойынша мыңдаған адамдарға жұмыс тауып беріп отырған зауыт Қазақстандағы фармацевтика нарығында көшбасшы екендігін осындай ісімен тағы дәлелдеп отыр. Бұған дейін өнімін Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моң­ғолия мемлекеттеріне экспортқа шығарып келген зауыт енді оның көлемін еселемек. «Көрші елдер арасында біздің өнімдерімізге аса қызығушылық танытып отырған мемлекет, ол – Ресей. Еуроодақ стандартымен шығарылып жатқан «SANTO» компаниясының дәрі-дәрмектерін экспорттаудағы негізгі әріптесіміз осы мемлекет болады», – дейді зауыттың бас директоры. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар