• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

*Не күтеміз?

319 рет
көрсетілді

Мұрат НҰРҒАЛИЕВ,  «Экономикалық бастамалардың қазақстандық қоры» АҚ директорының міндетін атқарушы: – Әрине, әрбір форумнан біз үлкен нәтиже күтеміз. Қазіргі кезде әлем экономикасының көптеген проблемаларға тап болып, дамудың басқа жолдарын іздеп жатқанын біз жақсы білеміз. Шикізат пайда табудың басты көзі емес екенін түсінетін кез келді. Сол себепті бүгінде Қазақстанға шикізат нарығынан бөлек дамудың жаңа жолдарын іздеу керек. Осы орайда әлемдік аты бар экономистер мен Нобель сыйлығы лауреаттарының көмегі зор. Сарапшылардың көмегіне жүгініп, біз өз жолымызды табуымыз қажет. Ал форумда біз нақты өз ұсыныстарымызды талқыға салатын боламыз. Осының арқасында қолға алған жобалардың қаншалықты тиімді екенін білуге тырысамыз. Негізгі мәселе – шикізаттан бірте-бірте бас тарту. Оның орнына баламалы энергия көздерін дамыту маңызды. Мақсат ҚАЙРАНБАЕВ, «Қазақстанның экономикалық бастамалары» қорының бас менеджерi: – Астана экономикалық форумының басқа форумдардан ерекшелiгi – оның дүние жүзiнде өткiзiлiп жатқан экономика саласындағы мықты форумдардың бестiгiне кiретiндiгiнде. Бiздiң форумды басқа форумдармен салыстыруға келмейдi. Бiздiң дәрежемiз ол форумдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан бiзге жай азаматтар емес, көбiнесе шетелден келген қонақтар мен үлкен қызметтерде болған азаматтар, мемлекет басшылары, үкiмет басшылары келедi. Дүниежүзi бойынша мықты сарапшылар қатысады. Бiздiң алаңда Қазақстанға ғана қатысты емес, Еуразия құрлығы, Таяу Шығыс пен жалпы бүкiл дүние жүзiне қатысты үлкен мәселелер қаралады. Осы елдердiң арасындағы экономикалық қарым-қатынас, әлеуметтiк мәселелер айтылып, жақсы тұжырымдамалар жасалады.