• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2011

Солдатсайдағы сайыпқырандар

393 рет
көрсетілді

Шаңғы

Қазақстан командасының қоржынына алғашқы алтын медальдарды салды Қазақстандық спортшылар да өз сайыпқырандығын Солдатсайда таныта білді. Мұнда Қысқы Азия ойындары медальдарының алғаш­қы жиынтығы шаңғыдағы спорт­тық бағдарлау бойынша бәс­ке са­лынған еді. Осынау сприн­терлік жа­рыста қайсарлық танытып, же­ңіп шыққан Ольга Новикова ел қор­жынына түскен алғашқы ал­тын­ның иегері атанды. Ол қашық­тықты 13 минөт 4,7 секөнтте жү­ріп өтті. Одан 4 минөт 25,1 се­көнт­ке қа­лып қойған қытайлық Лю Сяотин екінші орынға шықты. Қазақ­станның тағы бір өкілі Евгения Кузьмина жүлдегерлер үштігін түйіндеді. Ол 18 минөт 46,8 секөнт уақыт көрсетті. Уақыт айыр­машы­лығынан-ақ жеңімпаздың айқын ба­сымдығы танылып тұрғандай. Олай болса, осы Азиадада спорт­тық бағдарлау жөніндегі ел құра­масының көшбасшысы Ольга Новикова өзінің әлемнің мықты бағ­дарлаушыларының үштігіне кіретінін тағы бір айғақтады. Ал енді ерлер арасындағы шаң­ғы­мен бағдарлаудағы спринтерлік бі­ріншілікте барын салған Михаил Сорокин Қазақстанға Азия ойын­дары­ның екінші алтын медалін әкелді. Қашықтықты жүріп өтуге ол 13 минөт 31 секөнт уақыт жұм­сады. Сорокиннен 1 минөт 42,7 секөнт ұтылған командалас жолда­сы Александр Бабенко күмісті ол­жалады. Ал қола медальді Моңғо­лия өкілі Герелт-Од Байараа еншіледі. Шығысқазақстандық Алексей Пол­торанин шаңғы мен спринтерлік жүгірудегі 1,6 шақырымдық же­ке біріншілікте жеңімпаз ата­нып, команда қоржынындағы ал­тын ал­қа­ларды молайта түсті. Фи­налдық бәсекеде ол мейлінше шиеленіскен тайталас-тартыс бары­сын­да өзінің командалас жолдасы ақмолалық Николай Чеботькодан мәреден сы­нық сүйем дерліктей ғана бұрын өтті. Олар қашық­тық­тың соңғы сантиметрлеріне дейін аянбай кү­рес­ті. Қорытындысында Полторанин 3 минөт 59,9 секөнт уақытпен тұғырдың ең биігіне көтерілсе, Чеботько одан небәрі 0,1 секөнт ғана қалып қойды. Қа­лай десек те, алтын да, күміс те біздікі болды. Дей тұрсақ та, Онданың өкі­нішінің орнын спринтерлік жеке біріншілікте өз еліне Азиаданың алғашқы алтын медалін сыйлаған жапондық шаңғышы қыз Мадока Нацуми толтырды. Ақтық жүгі­руде Мадока жарыс жолының орта тұсында бәсекелестерінен бірнеше метр сытылып шығып, содан мә­реге жеткенше өзіне ешкімді ма­ңайлатпады. Жеңімпаздың нәти­же­сі 3 минөт 35,2 секөнт болды. Биатлонның 7,5 шақырымдық спринтерлік біріншілігінде қазақ­стандық қыздардың алтын олжа­лайтын реті де, мүмкіндігі де бар-ақ еді. Бірақ бұл жолы қытайлық Ван Чуньлидің жолы болғаны анық. Ол екі атыс шебінде бірде-бір рет мүлт жібермей мергендік та­ны­тып, ақы­рын­да қашықтықты 23 минөт 12,1 секөнт уақытпен аяқ­тап, алтынды аузымыздан жырып әкетті. Атыс шебінде біздің Ванкувер Олимпиа­дасындағы күміс жүлдегеріміз Елена Хрусталева да құралайды көзге атқан мергендігін көрсеткенімен, жылдамдығын үдете алмай, екінші орында қал­ды. Біз болсақ, бірта­лайға дейін Елена алтынды алған-ақ шығар деп ойлағанбыз. Екінші атыс шебінде бір рет жаңылған тағы бір өкіліміз Марина Лебедева жүйрік­тігінің арқасында үшінші орынды еншіледі. Сөйтіп, жеңістің екінші және үшінші тұғырына өз отан­дастарымыз көтерілді. Қалай десек те, алтын мен кү­міс олжалаудан Солдатсайдағы қар­қы­ны­мыз жаман басталмаған сияқ­ты. Қорғанбек АМАНЖОЛ.