• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Съезд – бағалы бастамаларымыздың бірі

219 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­публикасының Президенті бас­тамасымен 2003 жылдан бастау алған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және Қазақстанның қоғамдық-сая­си өміріндегі ең маңызды және елеулі бастамалардың бірі болып табылады. Съезге әлем­нің түкпір-түкпірінен әртүр­лі діндер мен конфессиялар өкіл­дерінің қаты­сушылары құра­мының өзі әлемдік діндерді біріктіретін жалпы­адам­заттық іргелі қағидаттар мен эти­ка­лық нормалардан хабар береді. Сонау 2003 жылы өткен І Съез­ге қатысушылардың өз үндеуінде көтер­ген «Діни сенімдер мен ұс­та­­ным­дардың әртүрлілігі өз­ара күмән­дану, кемсіту және жәбір­леуге емес, керісінше, әрбір дін мен мәдениеттің өзін­дік біре­гейлі­гін көр­­сететін үйлесім­ділігіне алып келуі керек» деген басты ой­­ды одан кейінгі өткен съездерге қа­­тысушылар бекем ұстанып келеді. Өз діни сеніміңді еркін ұстану және жер бетінде Құдайдың адам­затқа берген ең үлкен сыйы болып табылатын бейбітшілікті, өз­ара келісім мен өзара сенімді сақ­тап қалуға ұмтылудан көрініс таба­тын жауапкершілік – Астана фору­мына қатысушыларды бірік­тіре­тін басты құндылық екеніне сенемін. Дәл осы ортақ құндылықтар әр­­қайсымыздың наным-сенім­де­­рі­міздің өзгешеліктеріне қара­мас­тан, қоғамда дінаралық келісім мен ауыз­біршілікті орнықтыруға б­а­ғыт­­­тал­ған мәселелерді келіс­сөз­­­дер үсте­лін­де талқылау үшін жи­­н­а­­луы­­мыз­­­дың іргетасы болып табылады. Қазақстандағы Православие шіркеуі өзінің барлық қызмет са­ласында қоғамдағы адам­гер­шілікті, мейірімділікті және өзара сүйіс­­­­пеншілікті қолдауға ұмтылады. 2015 жылы өткен Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлерінің съезі өте мәнді мағынаға ие ша­ра­­мен аяқталды. Форумға қаты­су­­шылар «Мәңгілік Ел» даңқ қақ­пасы маңында орналасқан «Ру­ха­­ни жарасым» аллеясының сал­­­­та­­­­н­ат­­­­ты ашылуына қатысып, өзде­­­рі­­нің атау­лы ағаш көшеттерін отырғызды. Астана дінаралық форумы да әлем елдері мен халықтары арасында бейбітшілік пен бауыр­малдық рухының салтанат құ­руына ықпал етуі тиіс екен­дігі се­кілді бұл ағаш­тар да уақыт өте келе тамырын кең­ге жайып, жай­қалып өсіп, Аста­на тұрғын­дары­ның бойына тату­лық сезімін ұялататынына сенімдімін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кейде дін­ді құспен теңейді. Шынымен де, сенім адамға қанат бітіреді, оның бар­лық ұмтылыстарын рух­тан­­ды­рып, көңіліне үміт ұялатады және оны мәңгілікке қатысты етеді. Осы ға­жайып құс бұдан әрі қарай да біз­­дің кең-байтақ жері­мізде қа­лық­тай берсін. Елімізде әлем­дік және дәстүрлі діндердің татулығы арта берсін. АЛЕКСАНДР, Қазақстандағы Орыс пра­вославие шіркеуі Мит­ро­­по­лит округінің бас­шысы