Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 2 ақпанда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.МҰХАМЕДЖАНОВ.
Астана, 31 қаңтар, 2011 жыл. №11.