• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Италияда «Футбол достық үшін» халықаралық форумы өтті (фото)

343 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 1 маусым. Италияның Милан қаласында «Газпромның» «Футбол достық үшін» аса ауқымды әлеуметтік жобасының аясында төртінші халықаралық балалар форумы аяқталды. Бұл туралы Football for friendship халықаралық баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биыл бұл форум Африка, Азия, Еуропа және Оңтүстік Америка елдерінің жас футболшыларын жинаған. Форумның басты оқиғасы – тоғыз құндылықтар кубогын табыстау салтанаты. Айрықша марапат жыл сайын әлеуметтік жауапкершілік саласындағы көрнекі жетістіктері үшін кәсіби футбол клубтарының біріне беріледі. Жеңімпазды таңдауға бүкіл әлемдегі жанкүйерлер қатысады, бірақ соңғы шешімді «Футбол достық үшін» жобасының қатысушылары дауыс беру арқылы қабылдайды. Биылғы кубоктың иегері – Германияның «Бавария» футбол клубы атанды. «Достық үшін футбол» жобасының қатысушылары клубтың мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау жөніндегі қызметін, сондай-ақ әр елдегі науқас балаларды емдеу мен мұқтаж жандарға көмектесу сияқты бастамаларын атап өткен. Форумның оқиғаларын әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының 200 тілшісі, сондай-ақ жобаға қатысушы-елдердің жас журналистерінен құралған халықаралық балалар баспасөз орталығы жарықтандырды. «Футбол достық үшін» жобасына 32 ел қатысады. Олардың қатарында – Сирия, Түркия, Армения және Әзербайжан бар. Жыл сайын жобаға қатысушылардың саны артуда. Балалар үшін мәдениет пен дәстүрлердің айырмашылығына қарамастан, бейбітшілік пен достық ұғымдарының бірінші кезекте тұратынын білдіреді. Ұлдар мен қыздар бір-бірін сыйлауды үйреніп қана қоймай, маңызды адамзат құндылықтарының өзіндік елшілеріне айналады. Бұл жоба оларға мұны іске асыруға көмектеседі. Күшімізді біріктіріп, әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз деген сенімдемін», – деді «Газпром» басқарма төрағасы Алексей Миллер. «Биыл бағдарламаны, оның мақсат-міндеттерін айшықтайтын марапатты «Бавария» футбол клубының иеленіп отырғанына қуанып отырмын. Тоғыз құндылықтар кубогы – бұл ең адал адамдар – балалардың өзі беретін баға. Дәл осы жайт аталмыш кубокты кез келген клуб үшін айрықша беделді марапатқа айналдырып отыр», – деді әйгілі неміс футболшысы, «Футбол достық үшін» жобасының жаһандық елшісі Франц Беккенбауэр. Айнаш Есали. Дерек, фото: Football for friendship халықаралық баспасөз қызметі.  
Соңғы жаңалықтар