• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Атырау облысында 11,4 млрд. теңгенің мүлкі жария етілді

231 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 1 маусым. Атырау облысында 11,4 млрд. теңгенің мүлкі жария етілді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Атырау облысының тұрғындарынан 2016 жылдың 1 маусымына дейінгі жағдай бойынша 1343 өтініш түсті. Соған сәйкес жалпы құны 11,4 млрд. теңгені құрайтын мүлкі және 7,9 млрд. теңге көлеміндегі ақша жарияланды. Бұған қоса шет елдегі мүлікке қатысты 18 өтініш беріліп, жалпы құны 207,4 млн.теңгенің мүлкін жария етуге шешім қабылданды», – дейді аталған департаменттің баспасөз қызметі. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. Фото: syrboyi.kz.