• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Саха халқы балуанды қолдауға алаңға шығады

202 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 маусым. Бүгін Саха Республикасының астанасы – Якутск қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де үлкен митинг болады. Бұл туралы bloknot-yakutsk.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Якутск қаласының тұрғындары Ресей чемпионатында Олимпиада лицензиясынан бас тартқан еркін күрес шебері Виктор Лебедевті қолдау үшін алаңға шығады. Шеруді ұйымдастырушылар Лебедевтің Олимпиадаға қатысуын қалайтынын, сол үшін барлық мүмкіндікті жасайтындарын айтты. «Біздің балуан Олимпиадаға қатысуы керек. Ол – талантты спортшы. Әлемнің екі дүркін чемпионы. Кеше Ресейдің жеті дүркін чемпионы атанды. Егер ол жарыста төрешілердің көмегімен жеңіске жеткенін айтып, чемпион атанса, бұл қазылардың кінәсі. Ал чемпион тек қана алға жүру керек. Сондықтан біз Лебедевтің Олимпиада лицензиясынан бас тартқанымен келіспейміз. Ол Бразилияға баруы керек», деді митингті ұйымдастырушылардың бірі журналист Николай Бястинов. Виктор Лебедевтің кешегі жарысы туралы тағы айтсақ, ол Ресей чемпионатында Олимпиада лицензиясын алған болатын. Бірақ, белдесуде дағыстандық балуан Исмаил Мусукаев пен бурятиялық Александр Богомоевты төрешілердің көмегімен жеңгенін айтып, өз еркімен Олимпиада лицензиясынан бас тартқан. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: bloknot-yakutsk.ru // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e